Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

«Тәрбиеші — балаларға ересектер әлемінің есігін ашатын сиқыршы…» (Ш. Амонашвили).


«Тәрбиеші — балаларға ересектер әлемінің есігін ашатын сиқыршы…» (Ш. Амонашвили).
Бұл сөздер 2026 жылғы 26 мамырда қорытындыланған «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауының облыстық кезеңінің басты лейтмотивіне айналды.
Байқау дарынды әрі шығармашыл педагогтерді анықтауға, олардың кәсіби мәртебесін арттыруға және озық тәжірибені таратуға бағытталған.
Қатысушылар байқау комиссиясына е-портфолио, авторлық эсселер ұсынды, сондай-ақ Петропавл қ. «Ивушка», «Айгөлек» және «Еркем-ай» балабақшалары базаларында заманауи цифрлық технологияларды қолдана отырып, интеграцияланған ұйымдастырылған қызмет жүргізді.
Қазылар алқасы қатысушылардың жоғары кәсібилігін, педагогикалық шеберлігін, цифрлық сауаттылығын және балаларға деген шынайы сүйіспеншілігін атап өтті.
🏆 Бас жүлделі орын: Темірғали Нәзік Қайроллақызы, Акжар ауданының «Талшық орта мектебі» КММ тәрбиешісі;
🔹 I орын — Слётина Анастасия Николаевна, Петропавл қаласындағы «Ақ бота» бөбекжай бақшасы» МКҚК тәрбиешісі;

🔹 II орын — Кайржанова Сабира Кенесовна, Шал ақын ауданының «Жалтыр орта мектебі» КММ «Балбөбек» шағын орталықтың тәрбиешісі;
🔹 III орын — Тлеубергенова Кульмаш Сериковна, Аққайың ауданының, «Смирнов мектеп-гимназиясы» КММ мектепалды даярлық тәрбиешісі

Номинациялар:
✨ «Жаңашыл педагог» - Олегина Татьяна Валерьевна, Жамбыл ауданының «Буденовка орта мектебі»тКММ мектепалды сынып тәрбиешісі;
✨ «Шебер педагог» — Смагулова Айнагуль Жиганчаевна, М.Жұмабаев ауданының «Булаев кешен бөбекжай-балабақшасы» КММ мектепалды сынып тәрбиешісі;
✨ «Өнерлі педагог»-Дехтярук Жанна Тилигеновна, Ғ. Мүсірепов ауданының «Пески орта мектебі» КММ жанындағы «Алтын бесік» шағын орталық тәрбиешісі;
✨ «Креативті педагог»- Қожабекова Жанаргүл Мұратқызы, Тайынша ауданының «Айгөлек» бөбекжай бақшасы МКҚК тәрбиешісі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және кәсіби табыстар тілейміз!


Пікір жоқ
3 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 26.05.2026 в 17:18

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер