Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

Бүгін облыстық «Тіл мұрасы» жобасы аясында ұйымдастырылған «Сөз зергері» байқауы өтуде.


«Тіл мұрасы» жобасы жас ұрпақтың жүрегіне қазақ тіліне деген сүйіспеншілік ұялата берсін!
Бүгін облыстық «Тіл мұрасы» жобасы аясында ұйымдастырылған «Сөз зергері» байқауы өтуде. Бұл тағылымы мол іс-шара халықаралық балалар күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр.
Байқаудың басты мақсаты — балалардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілінің қадір-қасиетін сезіндіру, көркем сөз арқылы сөздік қорын байытып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Аталған байқауға облысымыздағы білім беру ұйымдарының бірінші сынып оқушылары, мектепалды даярлық сыныптарының және балабақшалардың ересек топ тәрбиеленушілері қатысуда. Жас өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салып, өлең-тақпақтарды мәнерлеп оқып, ән айтып, сахна мәдениетін меңгеруге талпынып келеді.
Осындай байқаулар арқылы балаларымыз еркін әрі көркем сөйлеуді үйреніп, қазақ тілінің байлығын тереңірек түсінеді. Сонымен қатар, сахнада өзін ұстай білуге, көпшілік алдында сөйлеуге дағдыланып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеленеді.
Бұл — бүлдіршіндердің өнерге, тілге және рухани мұраға деген қызығушылығын арттыратын маңызды шаралардың бірі.


Пікір жоқ
9 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 29.05.2026 в 17:39

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер