Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

⚜️ 2026 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген қағидаттарға сәйкес ауыл мектептерін дамыту және білім сапасын арттырудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған «Ауыл мектебі – сапа алаңы» секциясының жұмысы өтті.


⚜️ 2026 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген қағидаттарға сәйкес ауыл мектептерін дамыту және білім сапасын арттырудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған «Ауыл мектебі – сапа алаңы» секциясының жұмысы өтті.
Секция барысында қатысушылар табысты педагогикалық тәжірибелерін ұсынып, білім беру үдерісін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін, педагогтердің кәсіби дамуын, инновациялық білім беру технологияларын енгізуді және ауыл мектептерінің өзекті мәселелерін шешудің тиімді жолдарын талқылады.
Секция сапалы білім алуға әрбір баланың конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған сындарлы кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және жаңа шешімдер әзірлеу алаңына айналды.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша 2026–2027 оқу жылына мынадай ұсынымдар қабылданды:
✅ білім сапасын арттыру мақсатында заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қолдану аясын кеңейте отырып, «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасын іске асыруды жалғастыру;
✅ білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, педагогтердің кәсіби қоғамдастықтарын дамыту және әдістемелік, желілік өзара іс-қимыл арқылы озық тәжірибені тарату;
✅ тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау үшін деректерді талдау нәтижелерін пайдалана отырып, мектепішілік білім сапасын мониторингтеу жүйесін жетілдіру.
 


Пікір жоқ
23 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 06.08.2026 в 15:40

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер