Білім берудегі жасанды интеллект: ТжКБ жүйесі үшін жаңа мүмкіндіктер
Солтүстік Қазақстан облысы педагогтерінің Тамыз конференциясы аясында «Білім берудегі жасанды интеллект – адами капиталды дамытудың факторы: техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің заманауи сын-қатерлері мен даму перспективалары» атты секциялық отырыс өтті.
Секция жұмысы барысында қатысушылар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологияларын енгізудің өзекті мәселелерін талқылап, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мен адами капиталды дамытудағы заманауи тәсілдерді қарастырды.
Спикерлер оқыту процесінде жасанды интеллект құралдарын қолданудың практикалық тәжірибесімен бөлісіп, тиімді педагогикалық шешімдерді ұсынды. Сонымен қатар студенттерді кәсіби даярлау барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары мен Конституция қағидаттарын кіріктіру мәселелері талқыланды.
Секция қорытындысы бойынша қатысушылар кәсіби тәжірибе алмасып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірледі.
Пікір жоқ
21 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 07.08.2026 в 15:41


