Болашақ ұрпақты тәрбиелеу үшін қазіргі мұғалім қандай болуы керек? Осы маңызды сұрақ «Адами капиталды дамытудағы заманауи педагогтің миссиясы» атты облыстық тамыз конференциясының секциялық отырыстарының өзегіне айналды.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтер мен бастауыш сынып мұғалімдері төрт секция аясында бас қосып Қазақстан Республикасы Конституциясы мен «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын білім беру процесінде жүзеге асыру, жаңа мемлекеттік білім беру стандарттары, функционалдық сауаттылықты дамыту, цифрлық мәдениет пен медиа сауаттылықты қалыптастыру, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, жаңа оқу жылының негізгі басымдықтарын талқылады.
Кәсіби диалог алаңына айналған секциялық отырыстарда педагогтер жаңартылған оқу бағдарламалары, бағалаудың жаңа моделі, азаматтық құндылықтарды тәрбиелеу және заманауи оқыту тәсілдері бойынша тәжірибе алмасты. Кездесу қорытындысында оқыту сапасын арттыруға, инновациялық білім беру технологияларын енгізуге және жаңа оқу жылындағы оқу процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірленді.
Заманауи мұғалім - білім беруші ғана емес, өзгерістердің көшбасшысы, цифрлық дәуірдің бағыттаушысы және адами капиталды дамытудың басты тұлғасы.
Пікір жоқ
19 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 07.08.2026 в 15:44


