ЖИИ-ден шынайы құндылықтарға: кітапханашылар секциясы қалай өтті!
Облыстық тамыз конференциясы аясында Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен кітапханашыларына арналған секция өтті.
Кездесудің тақырыбы — «Жасанды интелектен шынайы құндылықтарға: іс-әрекеттегі жаңа буын кітапханасы». Қатысушылар заманауи мектеп кітапханасы қандай болуы керектігін — шығармашылық, қарым-қатынас және интеллектуалды даму кеңістігі ретінде талқылады.
Назарда болған мәселелер: ·
• кітапханашының цифрлық куратор ретіндегі жаңа рөлі;
• «Адал азамат» тұжырымдамасы шеңберінде адалдық пен патриотизмді тәрбиелеу;
• «Қағаз кітап vs экран» батлы: заманауи жасөспірімдерді кітап оқуға қалай баурап алуға болады;
• практикалық құралдар: геймификация, сторителлинг және MobiBox кешендері.
Кездесудің жарқын сәті «Leader TopIQ – 2026» республикалық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. «Алматыкітап баспасы» баспасының вице-президенті Гүлнұр Құдайберген қатысушыларды құттықтап, сертификаттар мен сыйлықтар табыс етті.
Көпжылдық еңбегі, кітапхана ісіне адалдығы және «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін облыстың бірқатар кітапханашылары мен әдіскерлері Алғыс хаттармен марапатталды.
Жаңа оқу жылының бағдарлары ЖИ сервистерін медиаконтентке интеграциялау, оқушылардың цифрлық гигиенасы және кітапханашылардың үздіксіз дамуы болады.
Баршаңызға өнімді жұмыс пен шабыт үшін алғыс айтамыз! Жаңа оқу жылы жарқын идеялар мен кәсіби табыстар әкелсін!
Пікір жоқ
19 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 10.08.2026 в 15:48


