Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

«ДЕБЮТ – 2026»: жас педагогтердің талантын танытамыз!


«ДЕБЮТ – 2026»: жас педагогтердің талантын танытамыз!

4 қараша күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас педагогтері арасында «Дебют» облыстық байқауының I кезеңі өтті.

Байқау бесінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Оның мақсаты – талантты жас педагогтерді анықтау және қолдау, кәсіби шеберліктерін арттыру, заманауи білім беру технологияларын енгізу және педагогикалық тәжірибе алмасу.

Байқаудың бірінші кезеңі аясында қатысушылар микросабақ форматында ашық оқу сабақтарын өткізіп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін, кәсіби шеберліктерін, инновациялық тәсілдерін және студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыра білу дағдыларын көрсетті.

Барлық қатысушыларға сенімділік, шабыт, жарқын педагогикалық идеялар мен жоғары нәтижелер тілейміз!

#Дебют2026 #ЖасПедагогтер #СҚОБілім #ПедагогикалықБайқау #Микросабақ


Пікір жоқ
12 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 04.11.2026 в 15:39

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер