Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

🔰 ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ – АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ


🔰 ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ – АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ
Әдістемелік орталықтың әдіскерлері 17 қараша күні әдістемелік және консультациялық көмек көрсету аясында Тайынша ауданының Тайынша қаласында Әдістемелік кабинет өкілдерімен көшпелі жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесуде ауданның әдістемелік жұмысын ұйымдастыру мен жетілдірудің өзекті мәселелері, 2026–2027 оқу жылына арналған әдістемелік кабинет қызметін жоспарлау, басым бағыттарды айқындау және білім беру ұйымдарына әдістемелік сүйемелдеудің нәтижелілігін арттыру мәселелері басты назарда болды.
Кездесу барысында келесі бағыттар қарастырылды:
• педагогтер мен мектеп әкімшіліктерінің ҰБДҚ, BilimClass цифрлық платформаларымен жұмысын ұйымдастыру, ақпараттың дұрыс әрі уақтылы енгізілуін қамтамасыз ету;
• аудандық және облыстық жобалардың, педагогтердің кәсіби қауымдастықтарының жұмысын жоспарлау және үйлестіру, желілік өзара іс-қимылды дамыту және тәжірибе алмасу;
• тәрбие жұмысын ұйымдастыру, «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру, құндылық бағдарларын және білім беру ортасының тәрбиелік әлеуетін дамыту;
• «Ауыл мектебі – сапа алаңы» өңірлік жобасын іске асыру, ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту, тиімді педагогикалық тәжірибелерді таратудағы тірек мектептердің рөлі;
• мектептердің білім беру қажеттіліктері мен мониторинг нәтижелерін ескере отырып, педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу жүйесін жетілдіру;
• кітапхана қорын қалыптастыру және жаңарту, «Оқитын мектеп» жобасын іске асыру, білім алушылардың оқырмандық мәдениетін дамыту.
Жұмыс кездесуі кәсіби диалог алаңына айналып, тәжірибе алмасуға және аудандық әдістемелік қызметтің жұмысын жетілдіруге бағытталған нақты шешімдерді талқылауға мүмкіндік берді.
Әдістемелік орталық Солтүстік Қазақстан облысының білім беру сапасын арттыру және педагогикалық әлеуетін дамыту мақсатында кәсіби ресурстарды біріктіре отырып, облыс аудандарына нысаналы әдістемелік қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыруда.
 


Пікір жоқ
6 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 19.11.2026 в 11:31

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер