Тарих – халықтың жады, ал жады – ұлттық бірегейліктің негізі...
Іс-шара педагогтерді тәжірибе алмасу, тарихты оқытудың заманауи тәсілдерін іздестіру және өскелең ұрпақтың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында біріктірді.
Семинар бағдарламасы ашық сабақтарды, шеберлік сабақтарын, воркшоптар мен практикалық жұмыстарды қамтыды. Қатысушылар оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таныстырып, жасанды интеллектіні, EdTech құралдарын және Lesson Study технологиясын қолдану тәжірибелерімен бөлісті.
Ұлттық құндылықтарды білім беру үдерісіне кіріктіруге және оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.
Семинар педагогтердің кәсіби диалог құруына, тың идеялармен алмасуына және өзара ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.
Пікір жоқ
6 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 19.11.2026 в 11:36


