19 қараша Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледжде Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласы, жұмыс берушілер және серіктес ұйымдар өкілдерінің басын қосқан облыстық форум өтті.
Форум жұмысына «Әдістемелік орталық» КММ директорының орынбасары Мироненко С.Р. қатысып, педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының маңыздылығына тоқталды. Бұл үдеріс мамандықты саналы таңдаудан және алғашқы практикалық қадамдардан бастап кәсіби шеберлікке дейінгі кезеңдерді қамтиды
Болашақ педагогті сүйемелдеу үздіксіз сипатта болуы тиіс — мектептегі кәсіптік бағдар беруден бастап жас маманның кәсіби қалыптасуына дейін. Бұл бағыт «Әдістемелік орталықтың» кәсіптік бағдар беру, студенттердің практикасын ұйымдастыру және жас педагогтерді сүйемелдеу жобалары арқылы жүзеге асырылуда.
Сапалы әрі еңбек нарығында сұранысқа ие педагогті даярлаудың маңызды шарты — білім беру үдерісінің барлық қатысушылары: мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары, әдістемелік қызметтер және жұмыс берушілер арасындағы тиімді ынтымақтастық.
Кәсіптік бағдар беру, мамандарды даярлау мазмұны, практиканы ұйымдастыру және кәсіби сүйемелдеу мәселелеріне бірыңғай көзқарас қалыптасқан жағдайда ғана болашақ педагогтің қажетті құзыреттерін дамытуға және оның мамандықтағы сәтті кәсіби бастамасына мүмкіндік жасауға болады.
Пікір жоқ
5 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 20.11.2026 в 11:39


