Меню KDT

logo.png?_=1663092399

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8 (7152) 50-07-15

«Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтары»

Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы 2016 жылғы 03 желтоқсан
«Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтары» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

 


Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы 2016 жылғы 03 желтоқсан
«Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтары» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асырудың тиімді жолдары және оның негізгі құндылықтарын оқу- тәрбие беру үдерісіне енгізу.
Дөңгелек үстел жұмысына  облыстық білім беру ұйымдарынан, облыс орталығының мектептерінен директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, бала-бақшалардың әдіскерлері мен қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары және ардагер педагогтар қатысып, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру және оқу- тәрбие үдерісіне енгізу туралы іс-тәжірибе алмасу, қазіргі қазақстандық білім беру жүйесі негіздерінің бірі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізгі құндылықтарын анықтау, ұстаздардың кәсіби құзыретін арттыру бойынша мәселелер талқыланып, қисынды ойлар айтылды.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында СҚО Білім басқармасының тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім басшысы Летучая С.Н. облысымыздағы білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының жүзеге асырылуы туралы сөз сөйледі. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының рөлі, құндылықтар тақырыбында аға әдіскер Өрекшова А.К., «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын «Батыр» балабақшасында пәндік- дамыту ортасын құру арқылы жүзеге асыру» Шамшуменова Г.Б., жалпы білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізінде жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» Абдульманова Б. А., колледждерде «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізінде жаңа қазақстандық  патриотизмді қалыптастыру» Садвакасова А.Д. мен ардагер педагог Яковенко Н.И., «Мәңгілік Ел» балалардың көзімен шағын зерттеу» Сүйіндікова А.С.,   «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асырудағы мектеп мұғалімдерінің рөлі» Садықов Н.Ш. сөз сөйлеп, ұлттық бағдарламаның ұрпақ тәрбиелеудегі маңыздылығына жан-жақты тоқталды.

Жұмыс қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде жалпы адамзаттың және ұлттық құндылықтар негізінде жоғары тәрбие алған, бірнеше тілді меңгерген, еліне адал қызмет ететін тұлғаны қалыптастыру бойынша ұсыныс қабылданды.


   

Современное воспитание казахстанского патриотизма в рамках национальной
идеи «Мәңгілік Ел» в ПСЭК – Садвакасова А.Д.



Выступление ветерана педтруда Яковенко Н.И.

 (гуманитарный колледж)




Презентация педагогического проекта «Мы – дети своей страны» (воспитатель д/с «Батыр» Шамшуменова Г.Б.)



Презентация модели партнерства и

сотрудничества детской организации «Болашак»

  Первой гимназии – Абдульманова Б.А.


Өркешова А.К. (Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының аға әдіскері





 


Комментариев нет
2152 просмотров
Автор: cmrito
Добавлено: 05.12.2016 в 00:00

SABAQ

Блог руководителя

Полезные ссылки



<

Choose Colour