2023 жылдың 20 желтоқсанда Мамлют ауданының «№2 Мамлют орта мектебі» КММ базасында Алтынсарин атындағы ҰБА қолдауымен «Шағын жинақты ауыл мектептеріндегі білім беру процесін цифрландыруда «Microsoft Teams» платформасының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану» («Microsoft-Kazahstan» жобасын масштабтау негізінде) тақырыбы аясында Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ұлытау, Түркістан өңірлерінің әдіскерлері мен педагогтерне республикалық семинар өткізілді. Семинарға 250 астам қатысушылар қатысты. Семинардың мақсаты: «Microsoft Teams» платформасының мүмкіндіктерін пайдаланып, ауыл мектебі білім алушыларының білім сапасын арттыруға жағдай жасау, платформаны қолдануда тиімді тәсілдерді тарату әдістемесімен бөлісу. Онлайн білім беру тақырыбы бүгінде ерекше өзекті мәселе болып табылады. Ал цифрлық технологиялар қазір бастауыш мектептен бастап жоғары сыныптың қосымша білім беруге дейінгі барлық білім деңгейлерінің ажырамас бөлігі. Microsoft Teams – чат, онлайн кездесулер, файлдармен бірлесіп жұмыс істеуді қамтитын платформа. Бұл платформа Zoom, Google Docs, Slack, Trello және басқа да құралдарды алмастырада. Сонымен қатар, қолданатын қосымшалардың көпшілігін Microsoft Teams-қа біріктіруге болады. Семинар барысында ШЖМ білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, ғылыми-зерттеу және жобалық қызмет бойынша педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті. Жобаның мүмкіндіктері шағын жинақталған мектептердің педагогтері мен оқушыларына үлкен білім беру үдерісіне қосу арқылы өздерінің білім деңгейін көтеруге көмектеседі.
Комментариев нет
258 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 20.12.2023 в 18:11