Ағымдағы жылдың 23 ақпан күні «Әдістемелік орталық» КММ М.Қозыбаев атындағы СҚУ-мен ынтымақтастық аясында және «Сенімен болашақ» республикалық ата - аналар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп кәсіптік бағдар беру бойынша «Оқушылардың кәсіби өзін - өзі анықтау мәселелері» атты фасилитациялық сессияны өткізді.
Семинарда мектептерде тағайындалған тың мамандықтың міндеттері мен жұмыс мазмұны туралы ғылыми негізді ақпарат беріп, оқушымен жүргізілетін жекелеген практикалық жұмыс түрлерін де көрсетті.
Сонымен қатар, мектептегі кәсіптік бағдар беруші маманның мектептегі статусын белгілеу, жоғары оқу орны мен мектептер арасындағы кәсіби бағдар беру жұмыстарын үйлестіру сияқты мәселелер де қозғалып, талқыға түсті.
Комментариев нет
219 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 24.02.2024 в 09:12