14 наурыз күні «Жұмабек Тәшенов атындағы № 20 орта мектеп» КММ-нің қабырғасында «ZERDELI USTAZ» облыстық білім беру жобасын іске асыру шеңберінде «Lesson Study – педагогикалық іс-тәжірибені арттыруға бағытталған сабақтың зерттеу тәсілі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинардың мақсаты: іс-әрекеттегі зерттеу нәтижелерін жалпылау және облыстағы білім беру ұйымдарының желісінде тәжірибені тарату.
Семинар барысында мектеп мұғалімдері Тасбулатова А.Н., Казиева А.Т., Құрмаш С.Б., Конурбаева А.Ж., Сулейменова А.А., Мусина Д.Б. әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, сабақтар мен шеберлік сыныптар ұйымдастырды. Сонымен қатар Қызылжар ауданының «Парасат» мектеп лицейі» КММ-нің мұғалімдері - Арыкова Э.Е., Шарипова К.С., «Қожаберген жырау атындағы № 6 ОМ» КММ-нің мұғалімі – Сарсембаева А.О., «Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейі» КММ-нің мұғалімі – Канапина Г.К. өз жұмысындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Жоспар бойынша өткізілген іс-шараларға қатысқан мұғалімдер өз ойларын білдіріп, кері байланыс жүргізілді.
https://www.youtube.com/watch?v=_rCacT9OtPk
https://www.youtube.com/watch?v=_rCacT9OtPk
Комментариев нет
377 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 14.03.2024 в 20:50