2024 жылдың 8 тамыз күні Абай атындағы мамандандырылған қазақ-мектеп гимназиясында облыстық әдістемелік орталықпен бірлесе Абай күніне орай "Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы" тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу семинарын өткізді. Семинарға Аққайын ауданы, Қызылжар ауданы, Мамлют ауданы, облыстық мамандандырылған мектептері және қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, сонымен қатар “Өрлеу БАО” оқытушы-тренері қатысты.
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А. Е. Есенгалиева "Дарындылардағы даралық. Абай дарындылары" тақырыбындағы бағдарламасымен таныстырды.
Абай мектебінің оқушылары Абайдың ізбасарлары екенін көрсетіп Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін келген қонақтарға нақышына келтіріп оқып берді. 2020 жылы ашылған "Абай орталығын" мектептің белсенді оқушысы, дарынды оқушы, республикалық байқаулардың жеңімпазы Бейсенбаева Аружан таныстырып өтті.
Гүлім Жақсылыққызы "Абай шығармаларындағы адамгершілік тәрбие" атты баяндамасын оқып өз тәжірибесін ортаға салса, Жазира Көкбасқызы " Абайтану олимпиадасы-оқушының шығармашылық және шеберлік дағдысын дамытатын байқау" тақырыбында олимпиаданың ережесіне тоқталып, дайындықтың кезендеріне тоқталып, келген әріптестерге де оқушыларын дайындап, облыс, республика көлемінде “Абайтану” ошимпиадасына қатысуға болатынын айтып өтті.
Келген мұғалімдер " Абай ойының ұлылығы"виртуалды көрмесін тамашалады. Майра Удашкеевна өз кезегінде "Әлем таныған Абай" атты әлемдік картасымен таныстырды. Ағылшын тілі мұғалімдері " A trip to the world of Abay"сұрақ-жауап ойынын өткізді. Семинар соңында қорытынды жасалып, келген әдіскер, мұғалімдер семинарға жоғары баға беріп, мектеп ұжымына жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты.
Комментариев нет
2126 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 08.08.2024 в 16:30