Меню KDT

logo.png?_=1663092399

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8 (7152) 50-07-15

Ағымдағы жылдың 15 қарашасында «№5 орта мектеп» базасында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Сынып мәдениеті» жобасы бойынша облыстық семинар өтті. Бұл жиынның басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіру мен мектептегі тәрбие үрдісін жаңа деңгейге көтеру.


⚜️Ағымдағы жылдың 15 қарашасында «№5 орта мектеп» базасында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Сынып мәдениеті» жобасы бойынша облыстық семинар өтті. Бұл жиынның басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіру мен мектептегі тәрбие үрдісін жаңа деңгейге көтеру.
🔖Семинарға еңбек өтілі 3-5 жыл аралығындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Іс-шара мазмұнды бағдарламасымен және өзекті тақырыптарымен ерекшеленіп, қатысушылардың қызығушылығын оятты. Ұсынылған сынып сағаттары мен пікірсайыс педагогтердің кәсіби біліктілігін арттырып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
📎Семинар барысында қатысушылар сынып мәдениетін қалыптастырудағы өзекті мәселелерді талқылап, тың идеялар мен тиімді әдістермен бөлісті.
📌Бұл семинар ұлттық құндылықтарды оқушылардың жүрегіне жеткізу жолындағы бір қадам екені анық. Іс-шара мектептердегі тәрбие жұмысының жаңа бағыттарына шабыт берді.


Комментариев нет
229 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 15.11.2024 в 18:53

SABAQ

Блог руководителя

Полезные ссылки



<

Choose Colour