
13 қазан күні Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі базасында «Студент және заң: өзекті сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты конференция өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын және «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Конференцияның мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу. Спикерлер өз құқықтары мен міндеттерін білудің, сондай-ақ оларды нақты өмірде қолдана білудің маңыздылығына ерекше назар аударды. Студенттердің сыни ойлауын және құқықтық сана-сезімін дамыту мәселесіне де айрықша көңіл бөлінді.
Жастардың құқықтық сауаттылығы мен азаматтық белсенділігін арттыру – аса маңызды міндет, өйткені ертеңгі қоғамның келбеті бүгінгі студенттерге байланысты.
Конференцияға студенттік парламент президенттері, «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері, әлеуметтік педагогтар және бірінші курс студенттері қатысты. Іс-шараға барлығы 150-ден астам ТжКБ ұйымдарының студенттері жиналды.
Комментариев нет
44 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 13.10.2025 в 13:39