✅Ойын мен оқуды, балабақша мен бастауыш мектепті қалай үйлестіруге болады? Бұл сұраққа жауапты педагогтер мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастық тақырыбындағы семинарда талқылады.
✅Кеңес Одағының Батыры И. М. Бережной атындағы Келлер орта мектебінде өткен іс-шарада 30-дан астам бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері өздерінің тиімді әдіс-тәсілдерімен, тәжірибелерімен бөлісті.
✅Мұндай әдістемелік алаңдар балабақша мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, білім сапасын арттыруға өз үлесін қосады.
Комментариев нет
41 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 05.12.2025 в 12:54


