Бүгін 16.08.2024 ж. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы «DIGITAL KAZAKHSTAN: жаңа шынайылықтағы білім беру» тақырыбында педагогтердің тамыз саммитінің аясында онлайн режимде «Білім беру процесіндегі цифрлық трансформация» секция отырысы өтті.
Модератор Абдрахманова Назира Кабдулаевна, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры, жаңа оқу жылына табыс тілей отыра, қазіргі замануи технологиялардың бірі- цифрлық білім беру ресурстары және жасанды интеллектінің білім берудің жаңа даму бағыты туралы бағдарламамен таныстырды.
Секцияға баспа басшылары, әдістемелік кабинеттің басшылары, мектеп басшылары мен мұғалімдері, оқулық авторлары мен сарапшылары, білім басқармаларындағы оқулыққа жауапты мамандарынан 700 қызметкерлер онлайн қатысты.
Секция барысында сөз алған спикерлер теориялық және практикалық жүзінде білім саласында ЖИ қолдану барысымен таныстырды. Біздің облыстан Ақжар ауданы Талшық орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар магистрі Жолтайұлы Қуандық «Мұғалімдерге арналған AI-көмекшілер: жасанды интеллект оқу процесін қалай жеңілдетеді» шеберлік-класс көрсетті.
Бұл секция өте ауқымды тақырыпты қозғады және түсінікті болды. Секция соңында тыңдаушылар өз алғыстарын білдірді.
Пікір жоқ
214 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 19.08.2024 в 10:07