Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

                                       Сенім телефоны

                                             8 800 080 81 50

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК ТЕЛЕФОНЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ


✅ ҚҰПИЯ ТҮРДЕ
✅ АНОНИМДІ
✅ ҚОЛЖЕТІМДІ
ТЕГІН

«Қоңырау шалыңыз - Сізді түсінеді!»

  Мерекелерге, күнтізбеге және күннің қай уақытына қарамастан, дәл қазір көмек пен қолдау қажет ететін сәттер, жағдайлар бар!

  Психолог-кеңесшінің көмегіне жүгіну - реніш, кінә мен үрейден арылудың алғашқы қадамы. Сөйлесу, жағдайға екінші жағынан қарау, шиеленістің алдын алу және мәселені шешудің жолын табу - қарапайым, әрі қол жетімді тәсіл.

  Жүгінген жағдайда психологиялық көмек Телефоны сізге анонимділік пен құпиялылыққа кепілдік береді.

- психолог-кеңесшілер сіздің қандай екеніңізді көрмейді;

- сіздің телефон нөміріңіз бен қоңырау шалатын орныңызды біле алмайды, өйткені нөмірлер анықталмайды;

- олар сіз туралы ақпаратты тек қана сөздеріңізден біледі, өзіңіз туралы мәліметтерді айтпайсыз және өзіңізді кез-келген есіммен таныстыра аласыз;

- ата-анаңыз, мектебіңіз, достарыңыз туралы ақпарат сұрамайды;

- ақпаратты үшінші тұлғаларға, әлеуметтік қызметтерге бермейді. Қоңыраулар жазылмайды және тыңдалмайды;

- мамандар өзгеріп отырады, егер де сіз бірнеше рет қоңырау шалсаңыз, онда сіз әртүрлі адамдармен сөйлесесіз.

  Психолог-кеңесшінің міндеттері мұқтаж жандарды тыңдау арқылы адамның қайғы-қасіретін, жалғыздығын, үмітін үзбеуін және депрессияға түспеуін байқау, қадағалау.

  Не туралы  айту қажет?  Қандай жағдайларда бізге хабарласуға болады.

  Сіздің мәселеңіз маңызды емес, көңіл бөлудің қажеті жоқ деп ойламаңыз: егер де бір нәрсе мазаласа – психологпен сөйлесіп, мазасыздықтан  құтылу қажет.

  Егер де көмек сұрауға тәжірибеңіз болмаса, сіз психологтар жұмыс істейтін мәселелердің тізіміне назар аударыңыз, бұл мақала сізге психологтың жұмысын түсінуге көмектеседі.

- Қорқынышты, қорланған, жалғыздық, көңіл-күйіңіз жоқ сәттерде, сіз қатты ашулансаңыз немесе күйзеліске ұшырасаңыз, мазасыздық пайда болса, тіпті белгілі бір мәселені айту қиын болса да, міндетті түрде қоңырау шалуды ұмытпаңыз.

- Егер сізөмірлік қиын жағдайға тап болсаңыз, өз өміріңіздің құндылығы мен оның мәні туралы сұрақтар туындаса, өміріңізбен денсаулығыңызға қасақана қауіп төндірсеңіз — бұл психологқа шұғыл түрде қоңырау шалып, сөйлесуге мүмкіндік. Кейінге қалдырмаңыз!!!

- Қарым-қатынастағы қиындықтар (түсініспеушіліктер, қарама-қайшылықтар, отбасындағы түсінбеушілік (ата-аналармен, ата-әжелермен, ағалармен және әпкелермен; жүретін жігітіңізбен/қызыңызбен түсініспеушілік; жігіт/қыз арасындағы түсінбеушілік; романтикалық қарым-қатынастың тоқтауы; бақытсыз махаббат; мектептегі мұғаліммен болған жайсыздықтар; қорқыту, мұқату).

- Егер сіз бірінші рет қолайсыз жағдайға тап болсаңыз және қандай шешім қабылдау керек екенін білмесеңіз — сырттан көзқарас, көмек қажет. Бұл келесі жайттарға қатысты (жаңа жерге көшу, қоныс аудару; жаңа мектепке ауысу; қателік жіберіп, оны қалай түзетуді білмеу; ата-анаңызды алдап және қалай айтарыңызды білмейсіз, мойындау; үйден кету; жаман ортаға түсу; киберқауіптің құрбаны болу; жоспарланбаған жүктілік; сізге есірткі ұсыну немесе жаман әрекеттер мен заң бұзушылықтарға бейімдеу; сізді қорқыныш немесе алаңдаушылық мазаласа; қиын жағдайда қалған досыңызға көмектескіңіз келеді, бірақ қалай екенін білмейсіз; үйде жалғыз қалу қорқынышы; ата-анаңыздың ажырасуы немесе отбасыңыздағы жанжалдар, жақын адамыңыздан айрылу қайғысы).

- Егер сіз мектеп өмірі мен оқуға деген қарым-қатынасыңызға байланысты қиындықтарға тап болсаңыз (алдағы емтихандарға/бақылау жұмыстарына; оқу жетістіктерінің болмауы; мектепті бітіргеннен кейін мамандық туралы шешім қабылдай алмау; мектепке барғыңыз келмесе; оқуға деген қызығушылығыңызды жоғалтып алсаңыз, бұл сізге не үшін қажет екенін түсінбеу; уақытыңызды жоспарлауда қиындықтардың туындауы; оқу жүктемесіне байланысты күйзелісті сезіну; ештеңені қаламау, барлығынан шаршау).

- Егер сіздің өз-өзіңізге деген қарым-қатынасыңызға қатысты қиындықтар болса (келбетіңіз өзіңізге ұнамайды немесе қандай да ерекшелігіңізден ұяласыз; қолыңыздан ештеңе келмейді, өйткені, сізге көп сын айтылады; сіз өзіңізге сенбейсіз; басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға, танысуға қорқасыз немесе немесе ұяласыз; басқа біреудің пікірі, көзқарасы үшін  тым қатты уайымдайсыз).

- Егер де сіз балаңыздың мінез-құлқына немесе оның психикалық денсаулығына алаңдасаңыз? Балаңызбен сөйлесуді қалай бастау керектігін білмейсіз бе? Егер ашулы болса, жылай берсе, әрі сізбен сөзге келіп қала берсе не істеу қажет?

  Бұл мысал ретінде алынған мәселелердің тізімі, ал өмірде әртүрлі жағдайлар кездеседі. Егер де сіз осы тізімнен өз мәселеңізді таппаған болсаңыз, онда психологтар онымен жұмыс істемейді дегенді білдірмейді.

  Егер сізде психологтың көмегі қажет пе деген күмән туындаса, әңгімені қалай бастайтыныңызды білмесеңіз, консультацияның қалай өтетінін білмесеңіз, онда сіз өзіңіздің алғашқы қоңырауыңызды әдеттегі әңгіме форматында өткізіп, консультациядан не күтуге болатындығы туралы біле аласыз.

  Психологиялық қызмет Телефонының психологынан кеңес алу үшін алдын-ала жазылудың қажеті жоқ және қабылдауды бірнеше күн немесе тіпті апталап күтудің қажеті жоқ. Сізге тек 88000808150 нөмірі бойынша қоңырау шалып, кеңесшінің жауабын күту керек. Кеңесшілер жұмысты екі тілде жүргізеді.

  Телефонға хабарласқан кезде бірнеше психологтармен сөйлесіп тәжірибе жинаға мүмкіндік бар. Олардың жұмыс істеу стильдері, тәсілдері әртүрлі және бұл жағдайды әртүрлі тараптан қарауға мүмкіндік береді. Бірінші қоңыраудан кейін, сіз бір нәрсені түсіну, талдау арқылы мәселені түсінуге тырссаңыз, екінші қоңырауыңыз сәтті болуы мүмкін. Қоңырау шалып көріңіз. Сіз қоңыраулардың санымен шектелмейсіз және Телефонға барлық қоңыраулар - тегін.

  Егер сіз әңгімені аяқтағыңыз келетінін сезсеңіз, өйткені сіз оны жалғастыруға әлі дайын емессіз, мұндай жағдайда сіз кез-келген уақытта қоңырауды тоқтата аласыз. Немесе мәселеңіз туралы сөйлесіп, психологпен бірге мазасыздықты, ұялшақтықты және ұялу сезімдерін жеңе аласыз.

  Психологиялық көмек телефоны балаларға, жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына қол жетімді.

 

 

Олимпиада

Дауыс беру

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour