Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

2024 жылғы 21 тамызында Солтүстік Қазақстан облысының 48 педагогі «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ» бірінші республикалық тамыз саммитіне қатысты.


⚜️2024 жылғы 21 тамызында Солтүстік Қазақстан облысының 48 педагогі «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ» бірінші республикалық тамыз саммитіне қатысты. Саммит жұмысына 1500 мыңнан астам педагог, білім басқармаларының, әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының, баспалардың, БАҚ өкілдері, сондай-ақ білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты.
🔖Оқу-ағарту министрі Ғ. Б. Бейсембаевпен кездесу өтті. Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек педагог кадрларды даярлау мәселелерін көтерді, денсаулық сақтау вице-министрі балалардың денсаулығын сақтау мәселесіне баса назар аударды. Премьер-министрдің орынбасары Т.К. Дүйсенова жаңа оқу жылына арналған білім беру саласындағы басым мақсаттар мен міндеттерді, оның ішінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыруды айқындады.
📌12 секция отырысында мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар, жасанды интеллектті орта және арнаулы орта білімге интеграциялау, сондай-ақ педагогтердің, оның ішінде инклюзивті білім берудің және балалардың құқықтары мен олардың әл-ауқатын қорғау саласындағы цифрлық құзыреттерін дамыту мәселелері қаралды. Білім беру процесін цифрландыру және оқыту процесіне жасанды интеллектті енгізу саласындағы алынған жаңа білім қоржыны біздің өңірдің білім беру жүйесіне енгізілетін болады.


Пікір жоқ
302 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 21.08.2024 в 18:36

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour