Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2017 – ЖҰМЫС ҚОЛДАР ҮШІН ОЛИМПИАДА

2017 жылдың мамырдың 2 бастап 5 дейін Астана қаласында «Көрме» көрме орталығында «WorldSkills Kazakhstan-2017» ІІІ-ші Ұлттық чемпионат өтті.


2017 жылдың мамырдың 2 бастап 5 дейін Астана қаласында «Көрме» көрме орталығында «WorldSkills Kazakhstan-2017» ІІІ-ші Ұлттық чемпионат өтті.

WorldSkills – халықаралық қозғалыс, мақсаты – жұмыс мамандықтарын әйгілеу және олардың дәрежесін өсіру. Қазақстан 2014 жылы WorldSkills қауымдастығына енді. WorldSkills чемпионаттары үнемі өтетін, әлемнің 76 астам елі қауымдастық мүшесі.

WorldSkills Kazakhstan біздің елімізде үшінші рет өтті. Шараны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Холдинг «Кәсіпқор» НАО бірге ұйымдастырды. Шара, жұмыс потенциалын арттыруға және жалпылай еңбек қоғамын құру бойынша тапсырмалар берілген,  мемлекет Басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жүзеге асыру аясында өтті.

 WorldSkills Kazakhstan чемпионатына үш жүзден астам конкурсанттар, төрт жүзге жақын сарапшылар және бес мың қонақ , олардың ішінде ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев және Министрліктің, Білім басқармаларының, ҚР облыстарының, Астана және Алматы ққ. Әкімдіктерінің, бизнес-құрылымдардың  басқа өкілдері, еліміздің барлық аймақтарынан қатысушылар, сарапшылар мен өндірістік оқыту шеберлері, волонтерлер және басқа мүдделі тұлғалар. WorldSkills Kazakhstan-2017 чемпионаты аясында кәсіби шеберлік бойынша бірінші рет Abilympics (Абилимпикс) – мүмкіндіктері шектеулі қатысушылар және Deafskills – нашар еститін студенттер арасында жарыстар өтті.

Жоба жыл сайын жастар арасында әйгілі болатынын айта кету керек. Және де жыл сайын сарапшылар мамандарды бағалайтын кәсіптік компетенциялар саны да өсуде: 2015 жылы олардың саны жетеу болды, 2016 жылы – он бес, ал 2017 жылы байқау отыз бағытта өтті.
   

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері биыл төрт компетенцияда қатысты: «Электромонтажные работы» - Яровой Андрей, 2-ші курс студенті (сарапшы арнайы пәндер оқытушысы Козяйчев С.М.); «Кузовной ремонт» - Киселев Илья, 2-ші курс студенті (сарапшы аға шебер Чернов А.В.); «Обслуживание грузовых автомобилей» - Ковзалов Андрей, 2-ші курс студенті (сарапшы өндірістік оқыту шебері Сулейменов М.В.); «Сухое строительство и штукатурные работы» - Смирнов Евгений, колледждің жас маманы (халықаралық сарапшы, аға сарапшы Слипецкий И.И., сарапшы арнайы пәндер оқытушысы Данилова Т.И.).

Төрт конкурстық күн бойы қатысушыларға гипсокартоннан құрылымды жинап, оны тегістеу қажет болды, гипстен элементтер (молдингтер) жасап, орнату, және де шығармашылық тапсырма фристайл жасау қажет болды.

Чемпионат нәтижелері бойынша Смирнов Евгений өзінің компетенциясында 12 қатысушының ішінде, СІS бағалау жүйесі бойынша 100 баллдан 71 алып, жеңімпаз атанды. Бұл Евгенийдің WORLDSKILLS Ұлттық Чемпионатта үшінші жеңісі. Бірінші орын алғаны үшін Евгений медальмен, дипломмен марапатталды және халықаралық чемпионатқа қатысу үшін жолдамалар алды: WorldSkills Russia («Молодые специалисты») – 2017жылдың мамырында, Краснодар қ.; WorldSkills Competition – 2017жылдың қазанында, Абу-Даби (ОАЭ).

«Сухое строительство и штукатурные работы» компетенциясының ресми демеушісі «КНАУФ Гипс Капчагай» ЖШС кәсіби кадрларды даярлауға аса назараударады, WorldSkillsұлттық чемпионаттарын өткізуге көмектеседі және қолдайды, конкурстарға қатысушыларды даярлаубарысындаоларды қажетті материалдармен және құралдармен қамтамасыз етеді. Бірінші орын алғаны үшін «КНАУФ Гипс Капчагай предприятия с участием ДЭГ» ЖШС компаниясының оқу орталығының басшысы Сотников О.А. 100 мың теңге алуға Смирнов Евгенийге сертификат тапсырды.

Бейбітшілік және Келісім Сарайында жабылу рәсімінде барлық қатысушылар менсарапшыларға сертификаттар тапсырылды.








Пікір жоқ
1093 қаралды
Авторы: cmrito
Қосылды: 11.05.2017 в 00:00

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour